Әліқұлов Өмірхан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әліқұлов Өмірхан (1939 жылы 28 қаңтар күні бұрынғы Киров ауданы Интернационал колхозында дүниеге келген. Мақтаарал ауданы). 1955 жылдардағы ауыр жағдайларға байланысты Өмірхан ата орта білім алуға мүмкіндік болмай жетінші сыныпты бітіргеннен кейін 15 жасынан бастап еңбек жолын қара жұмыстан бастады. Мақта өнімділігін арттыруға белсене үлес қосқандардың бірі. Алғашқыда механизатор, кейін ұзақ жылдар бойы мақташылар бригадирі болып туған елінде 27 жыл көрнекті жұмыс атқарған. Өзінің атқарған адал да, нәтижелі еңбегінің арқасында Қазақстан Орталық комсомол комитетінің съездеріне делегат болған. Әр гектардың өнімділігін 40 – 45 центнерге жеткізіп, жарыс жеңімпазы атанды. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1983). «Октябрь революциясы», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref> Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жыл толуына орай Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ауданға сіңірген еңбектері үшін Алғыс хатын алған. Өмірлік жары Қымбат апамыз бен 2 ұл 4 қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан немере көрген. Еңбек ер атандырады деген сөзді өзіне берік ұстанған Өмірхан ата үлкенге құрметті, кішіге ізетті бола білді.

Сілтеме

<references />

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify