Әлімғазы Сұмағұлұлы Райымбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Әлімғазы Сұмағұлұлы Райымбеков (1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында туған) — қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған "Тақиялы періште" кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдаған актер. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. Алматы облысының Құрметті азаматы.

Толығырақ

  • Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.
  • Совхохда жүргізуші болып жұмыс жасаған.
  • 1965 жылы алғашқы "Ән қанатында" фильіміне спорттық іс-шараларына шақырту алады.
  • 1966 жылы "Қилы кезең" фильміне түседі.
  • 1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған "Тақиялы періште" (реж: Шәкен Айманов) кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен таныла бастайды.
  • 1968 жылы "Көгілдір такси" фильімне түсті.
  • 1978 жылы "Қан мен тер" фильмінде эпизоттағы рөлді сомдаған.
  • 1979 жылы "Егер сіз он екі жасқа болғанда" фильміндегі Қатештің әкесі рөлінде және т.б бас аяғы 12 кинофильмге түскен.

Марапаттары

  • ҚР Мәдениет министрлігінің "Мәдениет қайраткер" құрметті атағымен марапатталған.
  • 2005 жылы "Ұлы отан соғысына 60 жыл" медалі
  • 2010 жылы "Ұлы отан соғысына 65 жыл" медалі
  • 2015 жылы "Ұлы отан соғысына 70 жыл" медалі
  • 2015 жылы "Қазақ хандығына 550 жыл" мерекелік медалі
  • 2016 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
  • Алматы облысының Құрметті азаматы
  • Көксу ауданының құрметті азаматы
  • ҚР президентінің және облыс әкімдерінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
  • 2016 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасы.

Отбасы

  • Үйленген.
  • Бүгінде мәпелеп өсірген 10 баласынан 20 немере, 7 шөбере сүйіп отырған ардақты ата.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер