Әлімхан Ермекбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әлімхан Ермекбаев (10 тамыз 1933 жылы туған, Алматы облысы, [Жамбыл ауданы, Қастек ауылы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1991).
ҚазМУ-ды (1956, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң геолог, экспедиция бастығы, Қазақ КСР-і Геология министрлігінде бөлім бастығы (1956–92), «Казнедра» ғылыми-өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары (1992–94), ҚР Қазба байлықтар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы (1994–98) болды, ал 1998 жылдан Баға институтының проректоры қызметтерін атқарады. Ермекбаев 80-ге тарта ғылыми-зерттеу жарияланымның авторы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Сыртқы сілтемелер
http://www.kazpravda.kz/c/1008090201Үлгі:Deadlink
Дереккөздер
<references/>