Әлібек Әмзеұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әмзеұлы Әлібек (20 желтоқсан 1947 жылы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызылжар ауылы) – актер, театртанушы, драматург, мәдениет ісін ұйымдастырушы. Жамбыл мәдени-ағарту училищесін (1968), Ташкент театр институтын (1982), Голливуд (АҚШ) кинобизнес мектебін (1993) бітірген. 1967 – 1971 ж. Абай атындағы облыстық қазақ драма театрында, Атыраудағы облыстық драма театрында актер, 19831987 ж. Жамбыл облысы қазақ драма театрының директоры, 1987 – 1988 ж. облыс мәдениет басқармасының бастығы, 1988 – 1992 ж. облысы мәдениет камитеті төрағасы, 1992 –1997 ж. кино және бейнетаспа қызметін көрсету жөніндегі облысы басқармасы бастығы, 1997 – 99 ж. облысы «Қарасай батыр» қорының президенті, 1999 ж. облысы мәдениет басқармасының бастығы. Әлібек театрда Қобыланды (Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыландысында»), Исмайил (Айтматовтың «Бетпе-бетінде»), Иванов (Чеховтың «Ивановында»), Карлос Бланка (Г.Боровиктің «Буэнос Айрэстағы сұхбатында»), Мұқағали (Бодықовтың «Жан азабында»), т.б. образдар сомдаған. «Қаракемпір (Кейуана)» атты пьесасы Жамбыл, Арқалық театрларында қойылған. Әлібек режиссер ретінде театрларда бірнеше спектакльдер қойды. Қазақстан комсомолы сыйлығының, Бүкілодақтық театрлар қоғамының (1968), Бүкілодақтық театрлар фестивалі (1986) сыйлықтарының лауреаты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}