Әлсіз өзара әсерлесу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлсіз өзара әсерлесуэлементар бөлшектерінің аралығында, олардың аракашықтығы бірнеше аттометрден аз болған кезде, жүзеге асатын өзара әсерлесу; көбінесе атом ядросының бета ыдырауына әкеледі.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Әсер ету радиусы өте аз (шамамен 2~10–16 см). Элементар бөлшектердің ыдырауы, нейтриноның затпен өзара әсерлесуі, тағы басқа. Әлсіз өзара әсердің салдарынан болады. Ол күшті өзара әсер мен электр магниттік өзара әсерден әлсіз, ал гравитаттанған өзара әсерден әлдеқайда күшті әсер болып саналады. Өзара әсерлердің күші (пәрменділігі) олардың әсерінен болатын реакциялардың өту жылдамдығын салыстыру арқылы анықталады. Мысалы, энергиясы ~1 ГэВ болатын реакциялар кезінде күшті өзара әсер тудыратын процестер ~10-24с, электр магниттік өзара әсер тудыратын процестер ~10-21с, ал әлсіз өзара әсер тудыратын процестер ~10-10с ішінде өтеді. Сондықтан элементар болшектер әлеміндегі әлсіз процестер өте жәй жүреді. Әлсіз өзара әсердің әсер ету радиусы өте аз (шамамен 2~10-16 см).

Өзара әсерлердің тағы бір сипаттамасы — бөлшектердің зат ішінде еркін өту жолы (еркін жол ұзындығы). Күшті әсерлесетін бөлшектерді (адрондарды) оншақты см темір қабаты тоқтататын болса, әлсіз өзара әсерлесетін нейтрино ешбір кедергісіз мұндай заттың миллиардтаған километрін тесіп өтеді. Дегенмен әлсіз өзара әсердің әлемде атқаратын ролі орасан зор (мысалы, онсыз Күн энергия шығаруын тоқтатқан болар еді). Әлсіз өзара әсер қатысатын ең көп таралған процессрадиоактивтік ядролардың бетта ыдырауы. Оның тұңғыш теориясын 1934 жылы Италия ғалымы Э.Ферми жасады. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}