Әлсейітов Құдайберген

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құдайберген Әлсейітов (1884, Павлодар облысы Ертіс ауданы Михайловка ауылы - 1933) - суырыпсалма ақын, әнші-композитор. 11-12 жасынан "бала ақын" атанған. Павлодар, Омбы, Көкшетау, Қызылжар, Ақмола, Семей қалаларын аралап ән айтқан. Бертінде Қоянды, Қараөткел жәрмеңкелерінде ән салып, ат ойынын көрсеткен. Әлсейітовтің көптеген музыкалық шы­ғармалары "Құдайбергеннің әні", "Баласы Әлсейіттің Құдайберген", "Құдайбергеннің термесі", "Құдайбергеннің желдірмесі", "Құдайбергеннің хадиша қызбен айтысы" деген атпен ел арасына кең тараған. Әлсейітов мелодиялары терме жанрына тән жеңіл ырғаққа құрылған. Ол ән жанрында кезігетін қайырмасы бар екі бөлімді форманы терме, желдірмелерінде сәтті пайдаланған. Әлсейітовтің шығармашылығын насихаттаған И.Байзақов болды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> <references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}