Әли ибн Мұса

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әли ибн Мұса (т.ж.б. - 998, Қашқар) — Қарахан әулетінен шыққан билеуші (992 - 998 жылдары билеген)<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Сатұқ Боғра ханның немересі. Билік басына Харун Боғра хан (Сатұқ Боғра ханның Сүлеймен атты ұлынан туған немересі) қайтыс болған соң келген. Жамал Қарши Әли ибн Мұсаның Қашқарда жерленгендігін, Шахид (азаптан өлтірілген) деген аттары болғандығын айтады. Әли ибн Мұсаның Ахмед, Насыр Елік (Элик) хан, Мұхаммед және Мансұр атты ұлдары болған. Бұлардың ішінде Насыр Елік хан 999 жылы Бұхараны алып, 1005 жылы Орта Азиядағы Самани әулетін құлатып, Әмударияға дейінгі жолдардың бәрін бағындырған.<ref>"Тараз, Жамбыл облысы" энциклопедиясы, Алматы 2003</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама