Әли Демегенұлы Алпысбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әли Демегенұлы Алпысбаев (28.4.1956 жылы туған, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылы) — композитор, дирижëр, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі (1995 жыл)

1975 жылы Шымкент мәдениет институтын, 1979 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияны бітірген. 1979-82 жылдары Сарқант мәдениет-ағарту училищесінде, 1982-95 жылдары Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы музыкалық училищеде, І. Жансүгіров атындағы педагогикалық университетте ұстаздық еңбек етті, әрі "Алтын дән" ұлт аспаптар ансамблінің негізін қалап, көркемдік жетекшісі және дирижëрі болды. 1995 жылдан Алматы облысы Сүйінбай атындағы филармонияның М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижëрі, әрі көркемдік жетекшісі, сондай-ақ Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының директоры қызметінде болды.

Әли Алпысбаевтың 50-ден аса әні, жеке музыкалық аспаптарға арналған бірнеше шығармасы бар. Польшада өткен 8-дүниежүзілік жүздеген өнер фестиваліне қатысқан.

І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеттің кұрметті профессоры.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Профессор, дирижëр "Құрмет" орденнің кавалері Ж.Бегендіков сыныбында опера және симфониялық дирижëрлеу мамандығы бойынша тәлім алған.

Қазақ халқының өнерін тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде көрсетіп, үлкен құрмет пен алғысқа ие болды. Қазақ өнерін дамытуда еліміздің үлкен концерт залдарында Алматы, Астана және Оңтүстік Корея, Түркияның Анталия қаласында, Болгария Республикасының София қаласында, «Таланты мира» қорының шақыруыменен Москва қаласындағы Евгений Светланов» атындағы Халықаралық  музыка залында, АҚШ мемлекеті Алабама штатының Олбани қаласында симфониялық оркестрімен өнер көрсетті.<ref name=":0">https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/about/structure/people/32874?lang=kk</ref>

2015 жылы VI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған конкурста «Орбұлақ таңы» атты симфониялық күй поэмаммен Республикалық конкурстың Гран-приін жеңіп алды. Алматы облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді, сонымен қатар Көксу ауданы және Талдықорған қаласының «Құрметті азаматы» атағын ие болған.<ref name=":0" />

Тағы

Әли Алпысбаевтың Ютуб арнасы: https://www.youtube.com/@Ali_Alpysbaev

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub