Әли Байжолов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әли Байжолов (3. 3. 1928 жылы туған, Қызылорда облысы , Сырдария ауданы ) — тіл білімі маманы, филолог ғылым кандидаты (1964), доцент. Қызылорда педагогикалық уч-щесін бітірген (1945). 1945—1948 ж. Шымкенттегі Н. К. Крупская атындағы мұғалымімдер институтында, 1948-1950 ж. Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы педагогикалық институттың филолог факультетінде оқыған. 1950-1958 ж. Қызылорда облысы орта мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директоры, аудан нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1958-1961 ж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтында аспирант. 1961 жылдан бері қазіргі Қызылорда Гуманитарлық университетінде аға оқытушы, доцент, сол институттың профессоры. "Қостанай облысы қазақтарының тіл ерекшеліктері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Қазақ тіл білімі проблемаларына арналған 50-ге жуық ғылым -көпшілік, әдістемелік мақалалар мен 2 монографиясы жарық керген.

Шығармалары:

  • Языковые особенности казахов Кустанайской области. АКД., А., 1964.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}