Әлия Қатайқызы Момынова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Момынова Әлия Қатайқызы (6 қыркүйек 1964 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Алғабас ауылы) — техникалық редактор. 1981 жылы "Совет" орта мектебін, 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 1995 жылдан "Арыс" баспасында техникалық редактор, редактор болып жұмыс істейді. "Арыс" баспасынан жарық көрген 20-томдық "Махамбет әлемі — Мир Махамбета" сериясының, "Тұлға" сериясының, "Народы Казахстана" энциклопедиялық анықтамалығының, "Батыс Қазақстан", "Жетісу" энциклопедияларының, "Атырау ақын-жазушылары кітапханасының" 50 томдығына, "Тіл-қүрал" серияларында және басқа бірнеше жеке авторлардың кітаптарының техникалық редакторы.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}