Әлия Ғафурқызы Мұхамеджанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлия Ғафурқызы Мұхамеджанова (17.6.1963, Шиелі кенті) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы.<ref name="Source 35"> Сыр елі энциклопедиясы</ref>(1998). ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген (1985). 1985–91 жылдары Қызылорда педаогикалық институтының (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) саяси экономия кафедрасында оқытушысы, ҚазМУ-дың аспиранты, 1991 жылы «Парасат-Самэкс» фирмасының ғылыми кеңесшісі, 1992 жылы Қазақ КСР ҒА Экономика институтында ғылыми қызметкер, 19932004 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика пәндер кафедрасының аға оқытушысы, менеджмент, бизнес және нарықтық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, экономика факультетінің деканы, осы университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры. 2004 жылдан Біліктілікті көтеру және ақпараттық технологиялар институтының директоры. 2004 жылы Сорос қоры – Қазақстан «Ауылдық округтер әкімдерінің кәсіпкерлермен ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру» жобасы бойынша грантын ұтып алды. Оқыту үдерісіне сапа менджменті жүйесін енгізу мәселелерімен, оқыту үдерісін несие технологиясы бойынша ұйымдастырумен шұғылданады, «Этникалық қатынастарды басқаруды оқыту» жобасына қатысқан, АҚШ-тың Экономикалық білім беру жөніндегі Ұлттық Кеңесінің грантын жеңіп алған. 57 ғылыми еңбегі, соның ішінде 1 монографиясы, 5 оқу құралы жарық көрді.<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлия Ғафурқызы Мұхамеджанова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}