Әлия Тобажанқызы Қозыкеева
Үлгі:Ғалым Әлия Тобажанқызы Қозыкеева — техника ғылымының докторы (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1963 жылы 27 тамызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1985, қазіргі М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті) бітірген.
Осы институтта 1985-99 жылдары асситент, аға оқытушы қызметтерін атқарған, 1999 жылдан доцент.
Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде "Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының
профессоры.<ref>ҚазҰАЗУ. Су ресурстары және мелиорация.</ref>
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Экологические принципы управления природными процессами бассейна Аральского моря" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
200-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монография, 10 оқу құралының авторы, 4 авторлық куәліктің иегері.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>