Әлия Оспанбекқызы Боранбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Әлия Оспанбекқызы Боранбаева 1954 жылы 16 тамызда Алматы облысының Сарқан қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Боранбаев Оспанбек (1923-2001), республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, ҰОС ардагөрі, Талдықорған облысында бірқатар басшы лауазымдарды атқарған, облыстық ҰОС Ардагерлері кеңесіне басшылық еткен. Анасы - Боранбаева Бәрәш (1927-2001). Алматы халық шаруашылық институтының жоспарлы- экономика факультетін бітірген (1975), экономист. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан). 1975 жылдан - Ақтөбе облыстық Статистика басқармасының экономисі, 1977 жылдан - Есептеу орталығының бөлім бастығы. 1987 жылдың наурызынан - Ақтөбе облыстық Статистика басқармасы Есептөу орталығы директорының орынбасары. 1987 жылдың қыркүйегінен - Облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары. 2008 жылдың шілдесінен бері - Ақтөбе облыстық Статистика департаментінің бастығы.

Әйелдер құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі; әлеуметтік және экономикалық әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш тараптық комиссияның мүшесі; облыс әкімдігінің тұтыну нарығындағы бағаларды тұрақтандыру жөніндегі облыстық штабының мүшесі.«Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы» төс белгісімен (2007), үш халық санағын, оның ішінде 1999 жылғы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ұлттық халық санағын өткізгені үшін КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитеттерінің құрмет грамоталарымен марапатталған; ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығына орай ҚР Президентінің, Ақтөбе облысы әкімінің Апғыс хаттарымен (2005) аталған. «Қазақстанның статистика үздігі» атағына ие (2005).

Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның даму қарқындары, жан басына шаққандағы ІЖӨ артуы республикамыз әлемдік экономика көшбасшыларының біріне айналады деп үміттену мүмкіндігін береді». Хоббиі - үй өсімдіктерін өсіру, аспазшылық. Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер, романдар.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Әсірепов Нүрлыбек Ғұмарұлы (1952 ж. т.), «СНПС-Ақтөбемүнайгаз» АҚ Күрделі құрылыс департаменті директорының орынбасары. Қызы - Әсірепова Қарлығаш (1976 ж. т.), гуманитарлық ғылымдар магистрі; ұлы - Әсірепов Ғабит (1983 ж. т.), «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметкері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub