Әлия Молдағұлова бюсті
Үлгі:Монумент Әлия Молдағұлова бюсті – Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын мүсінді бюст.
Орналасқан жері
Ақтөбе қаласы, Молдағұлова атындағы саябақ.
Орнатылған кезеңі және авторы
Бюст 1960 жылы орнатылған. Мүсінші – Е.Н. Штамм, сәулетші – Л.В. Рапутов.
Тарихи дерек
Мүсінді бюст Ақтөбе облысының атақты тумасы, мерген, Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқан Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың (1925-1944 жж.) бейнесін сомдайды. 1944 жьлы Әлия Молдағұлова Ленин ордені мен Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылған.
Қола бюст нәзік, бірақ қайтпас мінезді, халқы үшін жанын пида еткен мерген қыздың бейнесін көрсетеді. Қысқа шаш, әскери пилотка және гимнастерка, қарапайым қазақ қызының сұлу және жарқын әлпеті – Қазақстан халқының сүйікті қызы мен мақтан тұтатын батырының бейнесі.
Кеңес дәуірінің мұрасы бола тұра, бұл монумент бүгін де Ақтөбенің көрнекті жерлерінің бірі болып табылады. 2005 жылы Әлия Молдағұлованың Ақтөбедегі мемориалды кешенінің ашылуына қарамастан, бұл қарапайым қола бюст – қала тұрғындары үшін әлі күнге дейін ұлттың батыр қызының ең сүйікті бейнесі.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>
Ескерткіш тұғыры 4 қырлы, граниттен жасалған. Қоладан құйылған бюсті биіктігі – 1,3 м. Оның кескінінен өжеттіктің, қайсарлықтың нышаны айқын аңғарылады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері