Әлихан Уәлиханұлы Сырғабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Әлихан Уәлиханұлы Сырғабаев 1981 жылы 28 желтоқсанда Талдықорған қаласында туған. Қазақ.

  • Әкесі - Сырғабаев Уәлихан Болатұлы. Анасы - Сырғабаева Тамара Геннадьевна. Үйленген. Жұбайы - Сырғабаева Зүлфия Құрманғалиқызы, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы.
  • Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің халықаралық экономикалық қатынастар факультетін (2002) халықаралық экономист мамандығы бойынша; Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикапық университетінің аспирантурасын (2006); академик Жолдасбеков атындағы институттың заң факультетін (2008) заңгер мамандығы бойынша бітірген. ЖАК ұсынған журналдарда жарық көрген 8 ғылыми мақаланың авторы. Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияларға қатысқан. Ағылшын, қытай, орыс және қазақ (жетік) тілдерін біледі. 2002 жылдан - «ZTE Corporation» компаниясы өкілдігінің менеджері. 2003 жылдан - «GMCC-ALMATY» қазақстан-қытай компаниясы бас директорының ассистенті 2004 жылдан - «Көлжан-Ойл» біріккен мұнай-газ компаниясының бұқарамен байланныс департаменті бастығының орынбасары. 2007 жылдан - «Бозашы Мұнай» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі бас менеджері. 2008 жылдан бері - «Атыраумұнайгазгеология-Бұрғылау» ЖШС бас директорының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары.
  • Хоббиі - жүзу, шахмат ойыны, домбыра шерту. Сүйіп оқитын әдебиеті - Б. Шеффер, Р. Шарма, С. Кови, Б. Трейси, Дж. Максвелл

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}