Әлихан Аңсарыұлы Қаранеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қаранеев Алихан.jpg
Әлихан Аңсарыұлы Қаранеев

Әлихан Аңсарыұлы Қаранеев - 1990 жылы 26 шілдеде Жамбыл облысы Құлан ауылында туған. Қазақ.

Алматы қаласы №132 лингвистикалық гимназиясын бітірген (2008).

Қазіргі уақытта Қазақ спорт және туризм академиясының «Бильярд спорты» факультетінде оқиды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2008 жылдан).

Бильярдтан жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы (2006); ҚР абсолюттік чемпионы (2006, 2007), бильярдтан әлем (2008), Азия чемпионы (2008). Бильярдтан халықаралық кластағы спорт шебері.

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Мол табиғи және адам ресурстарына ие бола отырып, келешекте Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алады».

Хоббиі - футбол, бильярд.

Сүйіп оқитын әдебиеті - О. Хайям, классикалық ағылшын әдебиеті.

Бойдақ.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Bio-stub