Әлеуметтік әдіс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлеуметтік әдіс - саяси шынайылықты зерттеудің анағұрлым іргелі әдістерінің бірі. Ол белгілі бір жалпы-әлеуметтік теорияға негізделуі керек: саяси шынайылықтың (қондырманың) қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан қатаң тәуелділігін анықтайтын қоғамдық дамудың марксистік тұжырымы; саяси дамуды көп факторлы процесс ретінде қарастыратын әртүрлі позитивтік мектептер; әртүрлі елдердегі саяси процестерді тұйықталған жүйе ретінде қарастыратын қоғамдық дамудың тарихи-мәдени түжырымдамасы. Әлеуметтік әдістің құндылығы оның саяси өзгерістердің себебін тереңнен іздеуге негізделген қайнар көзі ретінде адамдардың әлеуметтік жіктемелілігінен шығатын мүдделер алуандығы. Бұл әдіс негізгі әдістердің бірі ретінде саяси ғылымда да және саясаттанудың саласы ретінде өзіндік білім жүйесімен енді қалыптасып келе жатқан саяси әлеуметтануда да кеңінен қолданылады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}