Әлеуметтік қамсыздандыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлеуметтік камсыздандыру - әлеуметтік қорғау жүйесінің халықтың еңбекке жарамсыз бөлігінің қажеттерін қанағаттандыруға және тұрмыс деңгейін қолдауға бағытталған тармағы.

Әлеуметтік камсыздандыру объектілері: жасы ұлғайған азаматтар; еңбекке жарамды жаста ауырған адамдар соның ішінде еңбек ету қабілетінен айрылған мүгедектер; жартыкеш және көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек балалар; жетімдер; еңбекке жарамсыз, біреудің күтіміне мүқтаж жалғыз іліктілер; күнелтуге қажетті ең аз мөлшердегі табысы жоқ кедей жұртшылық; дүлей және әлеуметтік апаттардан зардап шеккен азаматтар, т. б.

Жалпы әлеуметтік қамсыздандыру бірнеше топтарға бөлінеді, олар: әлеуметтік сақтандыру, меншікті әлеуметтік камсыздандыру және әлеуметтік көмек (әлеуметтік қолдау).<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref> Әлеуметтік қамсыздандырудың ақшалай төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы, материалдық көмек), заттай түсімдер (азық-түлік, өнеркәсіп тауарлары, тегін асханалар, жәрдем қаражат алған арзан тауарлар дүкендері, дәрі-дәрмек, протездер беру, т. б. түрінде), тегін жеңілдікті қызметтер көрсету (үйге барып қызмет көрсету, интернат үйлер, уақытша баспаналар, арнаулы көлік, жол жүру шегерімдері, телефон, тұрғын үй, психологиялық және заңды кеңестер беру, санаторийлік-курорттық емдеулер түрінде), т. б. нормалары болады.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Commons