Әлеуметтік және саяси институттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлеуметтік және саяси институттар - тұрақты құрылымымен, өз ішінде тығыз ықпалдасқан, көп қырлы, қызметінің икемді әрі әсерлілігімен ерекшеленетін, салыстырмалы түрде жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік құрылымдар.

Әлеуметтік және саяси институттар - қоғамдық, топтық, жеке маңыздағы нақтылы мақсаттарға жету үшін немесе аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін адамдардың бірлесуі. Әлеуметтік және саяси институттарды құра отырып, қоғам маңызды салалардағы мәселелердің нақтылы әлеуметтік және саяси іс-әрекет түрлерін белгілеп, бекітеді, оларды сол қоғамның мүшелеріне, әлеуметтік топтарына, мемлекеттің барлық азаматтарына немесе бір партияның мүшелеріне, басқа саяси ұйымға түрақты әрі міндетті етеді. Әлеуметтік және саяси институттар - ол отбасы, мемлекет, оның органдары (парламент, президент, үкімет, сот), партиялар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері, зауыттар, банк жүйесі, базарлар, ғылыми және мәдени үйымдар мен мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдары, дін және басқалар. Әлеуметтік және саяси институттар үшін іс-әрекеттің әр субъектісінің қызметі мен өкілетін нақтылау, олардың әрекеттерінің келісімділігіне тән, қатаң бақылау мен реттеу деңгейі өте жоғары. Әлеуметтік және саяси институттар негізінде жатқан әлеуметтік және саяси байланыстар - институционалды деп, ал, Әлеуметтік және саяси институттарды құру процесі - институионализация деп аталады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлеуметтік және саяси институттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}