Әлеуметтік агломерация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлеуметтік агломерация - [лат. agglomerrare - қосып алу] - өзара байланысты, өзара әрекет етуші қалалық және өзге де түрақтардың біртұтас қалалық территориалдық кешенге тұтасуы, топтануы. Әлеуметтік агломерация - түрғындар өмірінің барлық қырларына, әсіресе, жұмыс бастылығына, ептілігіне, өмір салтына, мәдениетіне, қарым-қатынасына аса маңызды ықпал ететін урбанизацияның тікелей көрінісі. Әлеуметтік агломерация әдетте қандай да бір ірі қала маңына топтасудан басталады. Әлеуметтік агломерация пайда болуы үлкен қала тұрғындарының сансыз өсуінен сақтап, қала маңындағы ауылдар тұрғындарына үлкен қалаға көшпей-ақ, оның игіліктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Әлеуметтік агломерация көрнекі мысалдары ретінде АҚШ- тың Атлантикалық және Тынық мұхиты жағалауларындағы қалаларды, Мехико, Токио, Лондон және т.б. атауға болады. Соңғы жылдары Алматы қаласы да Әлеуметтік агломерацияны басынан өткеріп отыр.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлеуметтік агломерация|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}