Әлеуметтік-саяси кепілдіктер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлеуметтік-саяси кепілдіктер - [франц. garantie - кепілдік, қамтамасыз ету] - әлеуметтік және саяси дәрежелерді, рөлдерді, құқықтар мен бостандықтарды және адамдар мен топтардың міндеттерін жүзеге асыруға шынайы мүмкіндік беретін материалдық, әлеуметтік, саяси және заңдық құралдар, шаралар, жағдайлар. Әлеуметтік-саяси кепілдіктерді қамтамасыз етуде мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты, кәсіподақтар мен қорлар және басқа да ұйымдар шешуші рөл атқарады. Әлеуметтік-саяси кепілдіктерді қоғамның барлық мүшелері қажетсінеді, бірақ балалар, мүгедектер, қарттар және еңбекке жарамсыз жандар ерекше зәру. Олар үшін әртүрлі жәрдемақылар, зейнетақылар, жеңілдіктер, пұрсаттар аса маңызды мәнге ие. Ерекше Әлеуметтік-саяси кепілдіктер әлеуметтік-кәсіби (мыс., өте ауыр және зиянды өндірістегі жұмысшыларға) және әлеуметтік-аумақтық (мыс., Арал аймағы тұрғындарына) негізде де берілуі мүмкін.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлеуметтік-саяси кепілдіктер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}