Әлем картинасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлем картинасы, әлем суреті — тарихи кезеңдерді мәдени типология бойынша бейнелеу үлгілеріне қатысты ұғым. Белгілі неміс мәдениет тарихшысы Р. Гвардини «Жаңа заманның ақыры» атты кітабында әлем картинасы жөнінде өзінің тартымды концепциясын ұсынады. Ол адамзат тарихын үш кезеңге (антикалық, орта ғасырлық және Жаңа замандық) бөледі. Антикалық адам, деді ол, әлемнің сыртына шықпайды, оны ішінен суреттейді. Әлем әркімнің орны алдын ала белгіленген тұтастық емес, сондықтан адам әлемде өзін еркін сезінеді. Антикалық адам үшін әлем құдайылық бастаудан құрал алады. Адам әлемде өмір сүргені тәрізді, әлем де адамның ішінде болады. Антикалық әлем, ғылым-білімдердің жай жинағы емес, ол әртүрлі көзқарастар мен типологиялардың жинағы.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>Гректер Элладаны қолдарынан келмегендіктен емес, бір-бірімен толассыз тартыста болғандықтан біріктіре алмады. Орта ғасырларда әлем картинасы Гвардини бойынша, мүлдем өзгеріп кетеді. Құдай әлемді жаратқанымен, одан тыс тұр. Адамдық болмыстың тірегі осы құдайға жету жолымен айқындалады.<ref>Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлем картинасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}