Әлемдік тәртіп үлгілері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлемдік тәртіп үлгілері - әлеуметтік-мәдени қырынан қаралатын қалаулардың үлгісі, қазіргі жаһандық мәселелердің шешімін табуға бағытталған халықаралық жоба, ұйым. Әлемдік тәртіп жобасы әртүрлі болашақтың бей- несін жасауға тырысқан бірнеше зерттеулер үлгісімен байланысты. 1968 ж. Әлемдік тәртіп институты (АҚШ) не- гізінде құрылған және американдық ғалым С.Мендетовиц басқарған бұл жоба "қалаулы шақтардың" немесе жаһандық қауымдастықтардың әртүрлі нұсқасын жасаумен шүғылданды. Осы жоба барысында жарияланған зерттеулер әлемдік қауымдастық және ғалымдар тарапынан қызығушылық тудырды. Өйткені олар жалпыадамзаттық құндылықтарды жаһандану жағдайында қарастырды. Олардың қатарында мына еңбектерді атауға болады: Р. Котари "Болашаққа қадам" (1974), Р. Фалк "Болашақ әлемдерді зерттеу" (1975), А.Мазруи "Мәде- ниеттердің әлемдік федерациясы" (1976), Г. Лагос және Г. Годай "Түрмыс төңкерісі" (1977), И.Галтунг "Шынайы элем" (1980) және т.б. Бұлардың барлығы да жарқын болашақты болжап, жаһандық мәселелерді шешуде оптимистік көзқарасты үстанады. Әлемдік тәртіп үлгісін жасаушылар алдымен адамзат болашағын саяси алауыздықтан, ғаламдық қарулы қақтығыстардан, экономикалық теңсіздіктен, әлеуметтік әділетсіздіктен, нәсілдік өшпенділіктен, үлттық ымырасыздықтан ада жарқын өмірмен байланыстырады. Әлемдік тәртіп үлгілері жобасы, негізінен, сая¬си құбылыстарды, әлеуметтік процес- терді, өмірдің мәдени қырларын зерттеуге бағытталды. Адамзаттың ғаламдық дағдарысының және аймақтық қақтығыстардың қайнар көзі ретінде саяси тұрақсыздыққа, әлеуметтік әді- летсіздікке, ұлттық бытыраңқылыққа баса назар аударды. Әлемдік тәртіп үлгілері жобасы аясында зерттеулік бағдарды айқындайтын өзгерістер болды. Әлемдік тәртіп үлгілері жобасының зерттеушілері дамушы елдердің жағдайын талдауға, діни қозғалыстардың ерекшелігіне, әлемдік тәл мәдениеттердің ерекшелігіне мән бере бастады. Болашақты ой жүгіртіп елестету жаһан¬дық мәселелерді зерттеуде бағыт беретін нақтылы саяси стратегияларды талқылаумен үштасатын болды. Бей-бітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары үсынылып, талқыланды (И. Галтунг). Ғаламдық түрақтылыққа жетудің мімкіндіктері мен жолдары қарастырылды (С. Менделовиц). Экономикалық және әлеуметтік жақсылық- тармен қатар адамның табиғатпен этикалық байланысын табиғи байлықтарды сақтаудың негізі ретінде қарау басым бағыт алды (Р. Фал к). Батыстық құндылықтарға сүйенген дамудың неоколониялдық стратегиялары жоққа шығарылып, құрамына дамыған және дамушы елдер кіретін мемлекеттер феде- рациясын құру шараларын қарастыру (Р. Котари) қажеттілігі туындады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлемдік тәртіп үлгілері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}