Әлемдік журналистика тәжірибесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлемдік журналистика тәжірибесі <ref>Қазақстан Баспагері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. – 1. БАҚ қай елде болмасын, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста ашық жұмыс істеуі керек. Бұл ретте географиялық ұлттык шекаралар шеңбері тосқауыл болмауы қажет. 2. Әр ел өзінің тарихын, мәдениетін, тілін, ұлтын сақтай отырып, жержүзілік өркениетке үлес қосуы тиіс. Адамзаттық бүкіл құнды қасиеттерге араласу керек. Әділдік, шыншылдық, достық және гуманизмді қадірлеу жөн. 3. Қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын көрсетіп отыру қажет. Жержүзілік прогресті дамытуға ақпарат құралдарының белсенді қызметі қажет. 4. Экология, атом қарулары зардаптарын жоюға және соғысты болдырмауға баспасөз, радио, теледидар ерекше қызмет етуі тиіс. 5. Әлемдік хабарлардың оперативтілігін жақсартуға ұмтылу керек. Бұл орайда көптеген елдер бірлесе әрі тұрақты жұмыс атқаруы жөн. 6. Үкіметпен бірге, халықтық дипломатияны дамытуға ақпарат құралдары белсене араласуы қажет. "Дөңгелек үстелдер", "телекөпірлер" арқылы жержүзілік маңызды окиғалар мен бейбітшілік бастамаларды дер кезінде жариялап, көрсетіп, насихаттап отырған дұрыс.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}