Әкірам Меңліғалымұлы Ғалимов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әкірам Меңліғалымұлы Ғалимов (17.11.1892, Астана - 7.8.1913, Ресей, Челябі облысы Троицк қаласы)- ақын, жазушы, драматург, педагог. 1905 жылы Троицкідегі "Рәсулия" медресесінде оқиды. Медресенің бастауыш бөлімін бітірген соң,Қостанай маңына қоныс аударып, қазақ балаларын оқытқан. 1911 - 13 ж. тұңғыш қазақ журналы "Айқапта" қызмет істеген. Тырнақалды өлеңдері осы басылым беттерінде жарық көрген. Туындыларын татар және қазақ тілдерінде жазған. Қазақ тілінде "Жастық жемістер" (1912) өлеңдер жинағын жариялап, "Бақытсыз сұлу" повесін, татар тілінде "Май мәселесі" (1913) атты сықақ пьесасын жазған. Сонымен қатар "Ақмола", "Шора", т.б. журналдарда көптеген өлең, әңгіме, мақалалары басылып турды. Әкірамның "Замандастарға", "Қыста", татар тілінде жазылған "Бақытсыз сұлу", т.б. шығармалардың авторы. Ағылшын ақыны Джордж Байронның, татар ақыны Ғ.Тоқайдың біркатар өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Шығармалары:

  • Жастық жемістері, Қазан. 1913;
  • Бейшара қыз, "Айқап", 1912, №11;
  • Өкініш, "Айкап", 1911, №10;
  • Қыс, "Айқап", 1912, №1, Троицк.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}