Әкімқара

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әкімқара / Әкімқаралар - Істің байыбына бара бермейтін және өз ісіне немқұрайлы қарайтын, қарапайым халыққа тікбақайшылық танытатын жергілікті әкімшіліктің басшыларына халықтың берген атауы. Сондай-ақ, ащы кекесін, ажуалы мағынадағы бұл атау мансапқор, жалтақ, кеңсеқұмар, менменшіл дегенді де білдіреді.


Көбінесе көпше түрінде қолданылады. Бұл атаудың қара деп аталатын қосымшасын кейбір лауазымды адамдардың жоғарыда аталған жағымсыз қасиеттерінің көп кездеседі деген мағынадағы халықтық типологиясы деуге болады <ref>Диваев А. Аткаминери // Этнографические материалы. Ташкент 1900</ref>. Әкімқара XX ғ.-дың 20-60-шы жылдары халық арасында кең тараған партия және совет органдарының жергілікті басшыларының шолақбелсенді, шолақетек деген атауларының қазіргі кезеңдегі эквиваленті деуге болады <ref>ҚӘТС. 2-том. Алматы: Арыс, 2006</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}