Әккі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазіргі қазақ тілі тұрғысынан алсақ, мағынасы — ысылған, тәжірибелі, тісқаққан сияқты ұғымдарға нұсқайды. Көбіне сын есім қызметін атқарады: «Жазықта құтылмасын біліп, әккі қасқыр «Жеті құдықтың» обалы шоқысына беттеді» (Ғабиден Мұстафин, Көз көрген). «Қыз Жібек» жырында да бұл сөзді «әккі болған қу екен» сияқты тіркесте ұшыратамыз. Алтайдағы телеуіттерде: акка — белгілі, ерекше мағынасында көрінеді. Тұрақты тіркес құрамында «эке» тұлғасында қырғыз тілінде — тәжірибелі, тісқаққан ұғымын береді. Бірақ онда бұл сөз көбіне әйелдерге қолданылатындығы ескертілген. Түптеп келгенде сөз төркіні моңғол тілі болса керек деген жорамалға келеміз. моңғолдарда: айхтар — ғажап, керемет мағынасында айтылады. Осы тұлға түркі тілдеріне ауысып, олардың қолданылуында дыбыстық өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ал мағына жағына көп нұқсан келмеген.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}