Әйел сәні

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әйел сәні - әйелдің бой түзеп, сән-салтанатпен жүруі үшін қолданылатын сәндік заттар. Қазақ әйелдері ежелден киімнің тәуірін киіп, әшекейдің асылын таққан. Орыс зерттеушісі И.Г.Андреев былай деп жазады: «Қазақ әйелдері әшекейлерді кеудесіне де тағады. Бастарына жаулық салып, оның үстінен маңдайға дейін түсетін жамылғы киеді де, оған жіпке тізілген маржан, інжу қадап қояды. Оның үстінен ақ жаулық салады. Арқа жағындағы жаулықтың ұшы жерге тие жаздап тұрады. Кейбіреулері мұрнына кішкентай күміс сырға тағып жүреді, осы арқылы әкесінің ең сүйікті қызы екенін аңғарасың. Саусақтарына жүзікті молынан салады; ал құлақтарына көбіне інжу қадаған ұзынша сырғалар тағады».

Қыз бала 4-5 жасынан бастап-ақ сәнмен бой тұзеп, қолына бала білезіктер, құлағына сырға, камзолына жиектей күміс құймалар таккан. Әйел әшекейлері тек сән-салтанат үшін ғана емес, әдет-ғұрып, наным-сенімге де тікелей қатысты болғандықтан, кез келген әлеуметтік ортаның өкілі өз хал-қадірінше әртүрлі әшекейлер татуға тырысқан. Сондай-ақ, таққан әшекейінс қарай әйелдің жасын, әлеуметтік тобын, қай аймақтап екендігін ажыратуға болады. Мәселен, ауқатты отбасынан шыққан әйелде бағалы тастардан көз салынған, алтынмен апталған әшекейлер мол болады. Олар күрделі көркемдік шеберлікпен, техникалық жағынан мінсіз орындалуымен ерекшеленеді. Қазақтың бай әйелдері зергерге бірыңғай нақышта жасалған әшекей бұйымдарынық толық жинағына тапсырыс берген және ауқатты отбасынан шыққан қыздар салмағы үш келіден кем түспейтін күміс шолпылар таққан. Зергерлік әшекейлердің саны мен сипаты әйел жасына орайлас келеді. Мәселен, пішіні жағынан кіші, қарапайым әшекейлерді жасөспірім қыздар тақса, ал қыз бойжеткен сайын ол таққан әшекейлер өзгеріп, көркемдік нақыштары күрделене, көбейе түскен. Ал тұрмысқа шыққаннан кейін әйел әшекейі біртіндеп азайып, жасына қарай басқа накыштарга ауысады. Қазақ қыз-келіншектері жүзік, сақина, балдақ, құстұмсық жүзік, отау жүзік, білезік, жұмыр білезік, сырға, некелік, шашқап, шолпы, шашбау сияқты әшекей бұйымдарын таққан.

Қазақ әйелдері шашына шашбау, шашқап, шолпы, шаштеңге таққан. Мұндай әшекей бұйымдардың әйелдер үшін тәрбиелік мәні зор. Күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбауды шолпы деп те атайды. Мәселен, шолпыны сән-әшекей ретінде, әрі оның салмағынан шаш ұзын болып өседі деп тақкан. Кеудесіне өңіржиек, шашына шолпы таққан қыздың мойны құрықтай болып өскен, бойын тік ұстаған дене бітіміне көңіл бөлген. Қазақы ортадағы қыз тәрбиесінде шолпының маңызы зор. Алайда, анасы қашанда қызына қатты жүгірме, оқыс қозғалма, шолпың қатты сыңғырласа сені әдепсіз қыз дейді - деп отырған. Сондай-ақ, қазақтар арасында шашқа тағатын әшекей бұйымдарга қатысты коптеген наным-сенімдер бар. Шашқапты бойжеткен қыздар мен келіншектер үй шаруасын істеген кезде киген, ол бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғайтын арнайы тігілген сәнді бұйым. Оны жас келіндер жүн сабау, киіз басу, ши тарту, мал сауу т.б. жұмыстарга араласқан кезде, тазалық сақтау мақсатында да киген. Ол мақпал, шұға, барқыт, мауыты сияқты көк, қызыл, қара түсті маталардан тігіліп, желкеден белге жететін етіп бұрымның жуандығына қарай пішіліп тігіледі, кестеленеді. Жоғары және төменгі жағынан ою-өрнекпен безендіріліп, зер, оқа, моншақпен әшекейленеді.

Бір-біріне ұқсас болғанымен өзіндік айырмашылықтары бар: асыл тастардан көз қондырылғанын жүзік деп, тасы жоқ тек алтын, күмістің өзінен ғана көз шығарғанын сақина, көзі жоқ шығыр түріндегісін балдақ деп атайды. Сақина мен жүзіктердің киелілігі мен қасиетін бағалауға қатысты қазақтар арасында кең тараған түсініктер жиі кездеседі. Ертеде қазақтар әйелдің қолында не жүзігі, не сақинасы болуы керек деп санаған, ол болмаған жағдайда дайындаған тағамын арам деп білген. Күмістен сақина, жүзік салған әйел қолынан ішкен сусынды қонақ адал деп, сүйсініп ішкен.

Қазақта жүзіктің жасалу мәнеріне қарай немесе сөздеріндегі тастардың материалы мен түр-түсіне қарай құдағи жүзік, құстұмсық жүзік, күмбезді жүзік, шытыралы жүзік, алтын жүзік, күміс жүзік десе, сақиналар құсмұрын, түйетабан, тасты, кавказ, құсмұрын, ырғақ, моншақты, бұрамалы, топсапы, жүрекше көзді жүзік т.б. түрлерге белінеді. Қазақ дәстүрінде келін болып түскен қызға енесі арнайы тіккен отауың биік болсын, деп отаужүзік соқтырған. Бойжеткен қыздар таққан құстұмсық жүзік бақыттылықтың, тәуелсіздіктің, еркіндіктің белгісі саналған. Әсіресе жүзік арқылы түрлі этномәдени ақпараттар беріліп отырған: топсалы жүзік сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған.

Қазақ әйелдердің киім-кешегінің сәнді кешеніне әртүрлі тана, моншақ, түйме, түйреуіш, опадалап салатын сәнді бөгіре т.б. әшекей түрлері жатады. Моншақ - мойынға тағылатын сәнді бұйым. Моншақ үсак, түрлі түсті. Әртүрлі пішінде (шар тәрізді, сопакша қырлы) болады. Әйелдердің сәндік үшін киіміне тағатын әшекейдің бір түрі — тана. Тананы сәндік үшін жағаға, бас киімге, омырауға тағады. Алайда, тана түйме сияқты, бірақ одан үлкендеу, дөңгелек пішінді, жалтырап тұратын әшекей.

Әрі әшекей, әрі киімнің алдын, өңірін айқастырып жабу үшін қолданылатын әшекейдің бірі - түйме. Ертеде түйме тұмардың қызметін атқарған және кемпірлер омырау әшекейі ретінде таққан. Әйелдер үшін зергерлердің көп жасайтын әшекейлерінің бірі үлкенді-кішілі түймелер. Оны көбінесе ішін қуыстап, әртүрлі кескін беретін күмістен жасайды, сыртына зер салады. Мұндай түймелерді торсылдақ түймелер деп атайды.

Қазақ әйелдерінің мойнына, омырауына тағатын әшекейлі, сәнді бұйым - алқа. Алғашында алқа дөңгелек әшекей ретінде тағылғанымен бертін келе оның түр-сипаты өзгеріп, тұмарша түрінде, әртүрлі үзбелі салпыншақты кейіпке ауысқан. Ол кейде меруерт, маржан, үзбелі моншақтар тізбегі тігілген асыл тастардан кейде алтын, күмістен соғылып, бетіне асыл тас қондырылып, ою- өрнектелініп, салпыншақты етіп жасалынады. Алқаның жергілікті тілде әйкел, көкірекіие, қаза, омырауша, өңіржиек т.б. атаулары да кездеседі. Мойынға салатын зергерлік әшекей бұйымның бір түрі - тұмар. Тұмар көбінесе үшбұрыш, төртбұрыш етіп жасалады, ішіне молданың қағазға жазған дұғасы, ұлутас, үкі қауырсыны, сондай-ақ, киелі деп есептелетін заттар салынады. Тұмар тек әшекей ретінде ғана емес, пәле-жаладан, ауру-сырқаудан, көзтиюден сақтайды деген наным-сенімге қатысты да тағылады.

Қазақтың жасы егде әйелдері кимешек шылауыштың бүктемесі ажырап кетпес үшін түйреуіш таққан. Оның ай түйреуіш, құсмұрын түйреуіш, шашақты ай түйреуіш, тас жүгіртілген ұзыншақ (төртбұрышты, сопақ) түйреуіш, төбеге тағатын шолпылы түйреуіш деген түрлері бар.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әйел сәні|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}