Әйгерім Қазықызы Мыңбаева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Әйгерім Қазықызы Мыңбаева — педагогика ғылымының докторы (2010), профессор.
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1972 жылы 22 қыркүйекте Алматы қаласында туған.
Қазақ ұлттық университетін (1994) бітірген. 2010 жылдан осы университетте кафедра меңгерушісі, доцент.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – жоғары мектеп педагогикасы, салыстырмалы педагогика, педагогикалық инноватика, оқытудың ақпараттық әдістері, ғылымтану.
"Білім беру мен қоғамның жаһандануы және ақпараттандырылуы жағдайында жоғары мектептің ғылыми іс-әрекет теориясы мен технологиялары" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
140-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монография, 5 оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің М. Әуезов атындағы ғылыми сыйлықтың лауреаты (2005);<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
- Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының стипендиаты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 2002-2008 жж.);
- Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2014).<ref>Профессор Мынбаева Айгерим Казыевна.</ref>