Әзірет Әлі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әзірет Әлі - Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, мұсылмандардың аты аңызға айналған батыры, ислам дініндегі әділ халифалардың төртіншісі. Алайда тарихи тұлга болған Әлі 661 жылы қаза болғаннан кейін, исламда оның бейнесі аңыз-әпсанаға айнала бастады. Шығыс бейнелеу өнерінде Әзірет Әлі қасиетін көрсететін белгілері - басының сыртын коршаған жалынмен, қолындағы Мұхаммед пайғамбардан мұраға қалған ұшы айыр қылыш - Зұлпықармен, жауынгерлік аты - Дүлдүлімен бейнеленеді. Аңызға айналған ерліктеріне байланысты мұсылман мифологиясының мифтік кейіпкеріне айналған Әзірет Әлі қазақтардың ислам дінін қабылдауымен қазақ ортасында батырлардың қолдаушы киелі піріне айналған. Қазақ батырлары жорықта, соғыста, шайқас алдындағы жекпе- жекке шыққанда басқа пірлерімен бірге Әзірет Әлінің де есімін атап, сыйынып қолдау сұрайтын болған. Әзірет Әлінің қылышы- Зұлпықар қазақтарда асыл қылыштың бейнесіне, эпитетіне айналды. Оның жауынгерлік аты - Дүлдүл батырдың тұлпарының эпитеті ретінде қолданылады. Әзірет Әлі қазақтың халық ауыз әдебиетінде Алланың Шері, Арыстан, Шер Әлі, Әлі Шер деген бірнеше лақап аттарымен де аталады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әзірет Әлі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}