Әзірет Сұлтан мешіті
Әзірет Сұлтан мешіті – Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Мазмұны
Орналасқан жері
Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 48, Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан. Рухани орын 13 га жерді алып жатқан аумақта орналасқан, мешіттің жалпы аумағы 17,7 мың шаршы метрді құрайды. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үлгісінде орындалған.<ref>Егемен Қазақстан газетіҮлгі:Deadlink</ref>
Мешіттің ашылуы
Дәстүрлі ислам стиліндегі ғибадат үйі құрылысы 2009 маусым айында басталған болатын. 2012 жылдың 15 қаңтар күні мешітте өрт болуына байланысты көктемде ашылуы керек мешіт құрылысы кейінге шегерілді. Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын дамытуға арналған жиналыста Әзірет Сұлтан мешітін салып жатқан құрылыс компаниясына құрылысты 6 шілде күні аяқтауды бұйырды.
2012 жылдың 6 шілде күні Әзірет Сұлтан мешітің салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ҚР-дың президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Мешіт жайлы айтылған сөздер
Құрылыс жұмыстарына жоғары баға берген ҚР Президенті, 2011 жылы 7 желтоқсан күні мешітті зиярат етіп былай деді: «Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болып табылады. Ол мемлекет есебінен емес, адамдардың қосқан қаражатының есебінен салынып жатыр. Мешіттің құрылысы алдағы жылы аяқталады. Сол кезде салтанатты түрде ашатын боламыз», – деді.<ref>Ислам және Өркениет газеті. Үлгі:Webarchive</ref>
Мешіттің күмбезі
Биіктігі – 51, ені – 28,1 метр. Ал бұл күмбездің жиегіндегі 8 күмбездің әрқайсысының ені 7,6 метр, ал вестибюль күмбезінің ені 15,2 метр. Мешіттің айшықты келбетін 4 мұнара толықтырады. Олардың әрқайсысының биіктігі 77 метр.<ref>Егемен Қазақстан газетіҮлгі:Deadlink</ref>
Сипаттамасы
Имандылық ордасы үш қабаттан тұрады. Әр қабатта ғибадатхана залдары, неке қиюға және дәрет алуға арналған бөлмелер, Құран оқуға және оқу ағартушылық топтың сабақ оқуына арналған залдар, асхана бар. Мешітте ерлерге арналған 4 000 адамдық намаз залы, халыққа қызмет көрсету орны, әйелдерге арналған 1 000 орындық намаз залы, имам, наиб имам, азаншы бөлмелері орналасқан.<ref>Егемен Қазақстан газетіҮлгі:Deadlink</ref> Сондай-ақ арнайы неке қию бөлмесі, кітапхана сынды қосымша орындармен жабдықталған.<ref>Ислам және Өркениет газеті. Үлгі:Webarchive</ref> Мешіттің алдыңғы жағынан қабырғалары табиғи тастармен әрлендірілсе, темір-бетонды күмбездері металмен көмкеріле өрілген.<ref>Егемен Қазақстан газетіҮлгі:Deadlink</ref> Жоба жетекшісі Шефик Искендероғлының айтуынша, құрылысқа қажетті материалдар әлемнің 11 елінен жеткізілген. Сондай-ақ, отандық өнімдер де пайдаланылған.<ref>Ислам және Өркениет газеті. Үлгі:Webarchive</ref>
Жоба классикалық ислам стилі мен дәстүрлі қазақ орнаменті және декоративті элементтер қосындысы ретінде құрастырылған.<ref>ҚМДБ ресми сайты Үлгі:Webarchive</ref> Жалпы құрылыс аумағы 20,6 мың шаршы метрді құрайды.<ref>Ислам және Өркениет газеті. Үлгі:Webarchive</ref>