Әзімбек Ысмайылов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әзімбек Ысмайылов (1910 -1987)<ref>Тараз Энциклопедисяы</ref> – қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1965). 1910 жылы Жамбыл ауданы, Бесжылдық ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі
- 1928 – 1933 жылдары - ФЗО-да оқыған, шаруашылық, кәсіподақ және Кеңес атқару комитетінің төрағасы, облыстық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары.
- 1943 – 1971 жылдары - Красногор, Луговой (қазіргі Тұрар Рысқұлов), Меркі ауданы партия комитетінің 1-ші хатшысы.
- V-VІ шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Қант қызылшасының өнімділігін арттыру, дайындау мен тапсыру көлемін ұлғайтудағы жетістіктері үшін 1965 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Наградалары
- Октябрь революциясы ордені
- Екінші дәрежелі Отан соғысы ордені
- 2 рет Ленин ордені
- "Орақ пен Балға" алтын медалі
- Социалистік Еңбек Ері (1965)
- Құрмет белгісі
Дереккөздер
<references/>