Әзілхан Ишан мешіті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мешіт Әзілхан Ишан мешітіҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнерінің ескерткіші.

Орналасқан жері

Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылында орналасқан.

Сипаты

Мешітті 1924 жылы Әзілхан ишанның тапсырмасымен жергілікті шебер Әбілбай Нұрымбетұлы салған.
Соғыстан кейінгі жылдары мешітті (1953-1958 жж.) мектеп, кейін шеберхана және қойма ретінде пайдаланған.
Мешіт тікбұрышты, бір қабатты, күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Жоспарында тікбұрышты, аумақтық өлшемдері – 17,6х12,1 м, биіктігі – 5,05 м. Қабырғасының қалыңдығы 0.74 м. Құрылыс инфиляда құрылымды және қабырғалар арқылы үш бөлікке бөлінген: біріншісі кіреберіс дәлізден және оның екі жағында орналасқан қызметтік екі бөлмеден тұрады, ал қалған екеуінде екі бөлікті намаз оқитын зал бар. Залдың бір бөлігі екіншісінен үш үлкен ойығы бар қабырғамен бөлінген.
Кіреберіс ойығы бар қасбет солтүстік-батысында, ал михрабы бар қасбет оңтүстік-батысқа бағытталған. Терезе ойықтары тек бүйірлік қасбеттерде ғана орналасқан. Ортадағы үлкен терезеден және екі жұп кішірек терезеден тұратын олардың әрқайсысында симметриалық композиция құрылған.
Қос терезе михрабқа жанасып залдың бөлігін және қызметтік бөлмелерді жарықтандырса, ал орталық терезе залдың екінші бөлігін жарықтандырады. Қос терезе ойықтары – тікбұрышты, жоғарғы бөлігі доғалданып келген, төменгі жағында терезе алды сәнді жақтауы бар. Орталық терезе ойықтары жарты циркульді аркамен көмкерілген, арканың үсті кірпіштердің айшықты үш қатарымен, сондай-ақ жақтаулармен және терезе алды ернеулермен жиектелген.
Ғимараттың бұрыштары, сонымен қатар орталық терезелер мен қос терезелердің арасындағы бөліктер жауырыншалармен безендірілген, іргесі шығыңқы. Төбесінде сәндік бағанашалардан қойылған "парапет" бар.
Жабу құрылымына ағаш арқалықтар, жұқа тақтайшалар және саз балшық қолданылған. Мешіт іші толығымен сыланып, әктелген.
Ескерткіштің архитектурасы "кірпіштік стилдің" көркемдік дәстүрін жалғастырған. Ол әсіресе, айшықты кірпіш қаландысының декорынан айқын аңғарылады.
Ескерткішіті 1986 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер