Әжі Сапа ата кесенесі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғимарат Әжі Сапа ата кесенесі – Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Созақ ауданы, Созақ ауылының орталығында.
Сипаты
Аңыз бойынша, мұнда жерленген адам Меккеге қажылық сапармен жаяу барып келген кісі екен. Сол себепті оның есімінің алдына "қажы" сөзінен шыққан "әжі" деген құрметті атау қосылып айтылған. Шикі кірпіштен қаланып, сыртына сылақ жүргізілген. Сегіз қырлы қабырғаға конус тәріздес биік мұнара орналасқан. Күмбезде үш қатар болып келетін, арақашықтықтары бірдей қырланған ағаштар бар. Ішке кіретін есігі кесененің оңтүстік бөлігінде. Кесененің ортасында шикі кірпіштен қаланған қабыртас тұр.<ref>Оңтүстік Қазақстан обылысының энциклопедиясы</ref>