Әжіғараұлы (Әжібайұлы) Мыңбай
Әжіғараұлы (Әжібайұлы) Мыңбай (1822 – 1871) – халық батыры. Хиуа хандығының отарлық езгісіне қарсы күрескен. Ел арасында есімі Бабық Мыңбай атымен таралған. 1856 ж. Хиуа ханымен астыртын келісім жасап<ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001;</ref>, кезекті шабуылына дем берген Кендірлі-Темір бабадағы түрікмен билеушілерімен соғысты. Әжіғараұлы 1869 ж. Орыс патшасының отаршылдық «Жаңа низам» ережесіне батыл қарсы шығып, өзге қандастарымен ақылдаспай орыс үкіметімен сеператтық келісімге келген Байұлының Жем-Сағыз бойындағы руларының малдарын барымталады.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref> Сол қылығы үшін Ресей үкіметімен қоса аталған өңірдегі қандастарының да қарсылығына ұшырап, оның арты Гурьевте (қазіргі Атырау) жұмбақ жағдайдағы өлімімен аяқталды. Әжіғараұлы есімі ел арасында жоқ-жітікті жебеуші, шапағатшы, дінді қолдаушы ретінде де шыққан. Сұмса жерінде өз күшімен мешіт, Шопан ата мешіті қасына құдық қаздырған (ол құдық әлі бар). Кейіннен Таймас ишан атанған оқу, білімге ынтасы бар жастарға қолдау көрсеткен.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>
Дереккөздер
<references/>