Әжібай Әпсеметов
Әжібай Әпсеметов (1923 ж.т., Тараз қ.) – қоғам қайраткері. Прокопьевск (Ресей, Кемеров облысы) тау-кен техникумын (1945), Алматы жоғары партия мектебін (1959) бітірген.
1942 – 43 ж. Қызыл Армияның қатарында,
1943 – 45 ж. «Кузбасскөмір» комб-нда шахтер,
1944 – 47 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы «Ленгер-көмір» тресінде инженер,
1947 – 48 ж. КСРО еңбек ресурстары мин. инженер-педагог қызметкерлері Орт. курсының тыңдаушысы,
1948 – 51 ж. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ачполиметалл» комб-ның ФЗО мектебінің директоры, облысы партия к-тінде нұсқаушы, 1951 – 55,
1959 – 61 ж. Қазақстан КП ОК-де нұсқаушы,
1961 – 63 ж. Жамбыл облысы партия к-тінде бөлім меңгерушісі,
1963 – 70 ж. еңбекшілер депутаттары Жамбыл қалалық Кеңесінің төрағасы,
1970 – 80 ж. Жамбыл облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы.
Екі рет Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.