Әділ Сасбұқаев
Әділ Елтайұлы Сасбұқаев (5.12.1922, Қазығұрт ауданы Төбеқұдық ауылы – 3.5.2005, Шымкент) – қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауылы шаруашылық қызметкері (1980).
Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Облыстың құрметті азаматы. Еңбек жолын ауданы сотта хатшы болып бастады.
1942 жылдан бастап Ақиар, Ақмешіт, Днепропетровск қалаларын, Украина, Польша, Чехословакия жерін азат етуге қатысып, 1, 2-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
1947 – 49 жылдары ауданы прокуратурада тергеуші, соңынан ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
1949 – 52 жылдары облыстық партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі, бөлім меңгерушісі.
1952 – 54 жылдары Алматы Жоғары партия мектебінде оқыды.
1954 – 60 жылдары Шымкент қалалық партия комитетінде үшінші хатшы, Фрунзе, Түркістан партия к-ттерінде екінші хатшы, кеңес атқару комитетінің төрағасы, Созақ партия комитетінің бірінші хатшысы.
1973 – 86 жылдары облысы партия комитетінің екінші, Қызылқұм аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық ауылы шаруашылық басқармасының бастығы. «Өткен күннен белгі көп», «Шежірені білу – еліңді құрметтеу» кітаптарының авторы.
Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы ОК-інің мүшелігіне сайланған. Шымкент , Түркістан қалаларының, Қазығұрт, Созақ аудандарының құрметті азаматы. Шымкент қаласында Сасбұқаев көшесі бар. Балалары: Жұпар, Қанатбек, Манатбек.
Марапаттар
- «Ленин ордені» (1966),
- «Құрмет Белгісі ордені» (1976),
- «Еңбек Қызыл Туы ордені» (1981),
- «Парасат ордені» (2003).