Әділқайыр Паңгерейұлы Жантасов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әділқайыр Паңгерейұлы Жантасов (1958 ж., Индер ауданы, Индербор к.) — суретші.

Қазақстан суретшілер одағының мүшесі (1992). Алматы көркемсурет училищесін (1981), Алматы мемлекеттік театр көркемсурет институтын (1986) бітірген. Бірнеше портреттік туындылардың («Мұрат Мөңкеұлы», «Шоқан Бейбарыс» т. б.), картиналардың («Исатай—Махамбет», «Қансонар» т. б.) авторы. Атыраудағы Кіші өнер академиясында ұстаздық етеді.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref> 1993 жылы Атырау қаласының гербін жасаған. 2004 жылдан бері ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер