Әділбек Құлынтайұлы Дауылбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Әділбек Құлынтайұлы Дауылбаев 1964 жылы 24 желтоқсанда Маңғыстау облысы Таушық ауылында туған. Қазақ.

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының «Газ-мұнай құбырларын және газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалануға енгізу» факультетін бітірген (2004), инженер-құрылысшы. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1981 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін - Маңғыстау тұрғын үйлерді-пайдалануға бөру учаскесінің 3-ші разрядты жұмысшысы (Шетпе кенті). 1982 жылдан - Алматы құрылыс техникумының оқушысы. 1988 жылдан - «Маңғыстау Мұнай Құрылыс» тресі қосалқы өндіріс комбинатының 3-ші санатты балташы ұстасы, ағаш шебері, 1989 жылдың қаңтарынан - 4-ші разрядты бақылаушысы, темір-бетон бұйымдарының сапасы жөніндегі цехтың 2-ші санатты шебері (Жаңаөзен қ.). 1989 жылдың қазанынан - Қызылтұран ұлутас ашық кенішінің 3-ші разрядты бақылаушысы, шебері (Шетпе кенті). 1991 жылдан - Маңғыстау тұрғын үйлерді-пайдалануға беру учаскесінің шебері (Шөтпе кенті). 1993 жылдан - «Маңғыстаумұнайжолдары» ЖШС шебері, прорабы (Ақтау қ.). 2000 жылдан - «Жолсервис» ЖШС құрылыс учаскесінің бастығы (Жаңаөзен қ.). 2001 жылдан - Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы дирөкторының орынбасары (Ақтау қ.). 2002 жылдан -Маңғыстау облысы Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының жетекші маманы. 2003 жылдың сәуірінен - Маңғыстау облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау бөлімінің жетекші маманы. 2003 жылдың қазанынан - Маңғыстау облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасының жөтекші маманы. 2004 жылдан - Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жетекші, бас маманы, бөлім бастығы. 2006 жылдан - Маңғыстау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бастығының м.а., бастығы. 2009 жылдың шілдесінен бері - Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі.

Үйленген. Ұлдары - Нұржас, Нұрдәулет, Нұрлыбек.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub