Әдима Ділханқызы Сисекенова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әдима Ділханқызы Сисекенова (11 сәуір 1939, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Соройченко кенті) - әнеші, биші, Қарақалпақ АКСР халық әртісі (1965)
Өмірбаяны
- Нүкіс музыкалық училищесінде оқыған.
- 1961 жылдан - «Қарақалпақ» ән-би ансамблінің әншісі және бишісі (Нүкіс, Қарақалпақстан).
- 1971 жылдан бері - Махамбет атындағы Гурьев облыстық қазақ драма театрының (қазір - Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры) актрисасы.
Рольдері
«Айман - Шолпан» (Айман), «Қамбар батыр» (Назым), «Келіндер көтерілісі» (Фәрман), «Жесірлер» (Ана) және т.б. спектакльдерде ойнаған.
Қоғамдық қызметі
Қалалық халық депутаттары кеңесінің 6-шы шақырылымының депутаты (1965).
Марапаттары
- ҚҚ АКСР Еңбек сіңірген әртісі (1965).
- ҚҚАКСР Халық әртісі.
Отбасы
- Тұрмыс құрған. Жұбайы - Оразымбетов Әділ Орынбайұлы, шофер.
- Қызы - Оразымбетова Анаргүл.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}