Әбілқас Сағынұлы Сағынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Әбілқас Сағынұлы Сағынов (27 желтоқсан 1915 жыл, Баянауыл, Павлодар облысы - 2006)<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9-том, 640 б. Алматы - 1976ж.</ref> - Социалистік Еңбек Ері (1971), тау-кен маманы, техника ғылымының докторы (1967), профессор (1958), ҚазССР ғылым академиясының академигі (1970). Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995), ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974, 1986).

Еңбек жолы

  • Днепропетровск тау-кен институтын бітірген соң 19391951 жылдары Қарағанды көмір шахталары мен трестерінде басшылық қызметтерде болды.
  • 19511955 жылдары - Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтының директоры.
  • 1955 —1958 жылдары - Қарағанды тау-кен институтының ректоры.
  • 19581991 жылдары - Қарағанды политехникалық институтының ректоры.
  • 19912001 жылдары - Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институтында директор.
  • 2001 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми кеңесші.
  • Негізгі ғылыми еңбектері көмір қабаттарын қолайлы жүйелермен өндіруге, тау-кен техникасын кемелдендіруге, жер асты құрылыстарының беріктігін зерттеуге, шахта алаңдарын аршу және дайындау сұлбаларын жетілдіруге арналған. Сағынов пайдалы қазба орындарын игерудің кешенді механизациясы мен технологиясы ғылыми мектебінің негізін қалаған. Сағыновтың басшылығымен және тікелей қатысуымен Қарағанды көмір бассейнінде алғаш рет кертпешті және үшқабатты қазу, күкіртті газы бар қаттарды қазудың технологиясы, массивті физикалық-химиялық беріктеу, т.б. бойынша кешенді тәжірибелік жұмыстар мен өндірістік сынақтар жасалды.

Еңбектері

  • 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде монографиялар, авторлық куәліктер мен патенттер бар<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>.
  • Тау-кен жыныстарының механикасы жөніндегі 2-(Белград, Югославия, 1970) және 3-(Денвер, АҚШ, 1974) Халықаралық конгрестерге қатысып, онда баяндама жасаған.

Жетістігі

Наградалары

Дереккөздер

<references/>