Әбілғазы күмбезтамы
Үлгі:Ғимарат Әбілғазы күмбезтамы – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XIX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласынан 3 км оңтүстік бағытта орналасқан.
Сипаты
Әбілғазы күмбезтамы (руы Қаржау-Қарайдары) қала сыртындағы шағын қорымда орналасқан. Өңделмеген әкті-құмтастан, порталды-күмбезді құрлыс түрінде қазақтың бір туар ұлына арнап тұрғызылған. Құрлыстың сыртқы қабырғасы, интерьері, күмбезі мен қасбеттік қаптамасы біртұтас құрылым ретінде салынған. Күмбездің салынуы өңделмеген әкті-құмтастан жалған иін арқылы шығарылып, дулыға ұқсас пішіні биік барабанды, терең қуыс ойықтарымен әспеттелген.
Қасбет пен интерьерлік қабырғалық тегістік көркем суретті қызылды-жасыл түсте боялған, өсімдік өрнектер мен жан-жануар, тұрмыстық бұйым бейнелері ойып салынған.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>