Әбілхакім Ақмағамбетұлы Ақмұрзин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әбілхакім Ақмағамбетұлы Ақмұрзин(1943 жылы туған), дәрігер, санаторийлік емдеу саласындағы республикаға танымал маман, іскер басшы, ҚР- ның еңбек сіңірген қызметкері (1993). Жанаарқаның түлегі. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1968). 1968-1998 ж. Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылы ауруханасының бас дәрігері, Алматы облысы, Талғар ауданындағы Мичурин атындағы шаруашылық ауруханасының бас дәрігері, ҚазКСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Алтын дән» санаторийінің бас дәрігері, «Тұран банкінің» «Ақбұлақ» санаторийінің бас дәрігері, ҚР Президенті Іс басқармасының «Алматы» санаторийінің, 1998 жылдан ҚР Президенті іс басқармасының «Оқжетпес» санаторийінің бас дәрігері.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала