Әбілтай Қастеев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әбілтай Қастеев-(5.5.1937, Алматы - 29.4.1998. сонда) - кинооператор.

1982 жылында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

1960 жылында Мәсқеудің Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген.

1955 жылында шығармаларын жолын киношежіреде оператордың көмекшісі (асснстенті) ретінде бастайды. 60-шы жылдардың ортасына дейін бірнеше деректі фильмдер түсірген соң, көркем фильмдер түсіруге кіріседі. Оның қатысуымен "Үлкен Жезқазған" (1961), "Жаңа жердегі таң" (1983), "Үш бәйтерек" (1992), т.б. деректі, "Мәншүк туралы баллада" (1969), "Отқа оранған Орал" (1975), "Алпамыс мектепке барады" (1977), "Жаушы" (1980), "Жансебіл" (1991), т.б. көркем фильмдер түсірілді.

Қастеев "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала