Әбілманат Әмірханұлы Әлімбаев
Әбілманат Әмірханұлы Әлімбаев(1942, Қарағанды облысы – 2005) – философия ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992). Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан<ref>Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014</ref>.
Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік мәдениет институтын бітірген (1971). Қарағанды мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі, 1992–2002 жылы Қарағанды педагогикалық институты мен Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, факультет деканы, 2003 жылы Қарағанды экономика университетінде кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері жастардың сана-сезімі, ұлт пен діннің консолидациясы, қазақтардың діншілдік ерекшеліктері, аймақтық әлеуметтік құрылымның өзгеру мәселелеріне арналған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>