Әбілда Әмірханұлы Әлімбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әбілда Әмірханұлы Әлімбаев(1935 жылы туған, Қарағанды облысы) – экономика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1988). Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан<ref>Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014</ref>.

Қарағанды политехнологикалық институтын (1958, қазіргі Қарағанды мемлекеттік технологикалық университеті) бітірген. Қарағанды шахталарында инженер, «Қарағандыкөмір» ғылыми-зертеу институтында сектор меңгерушісі, Қарағанды мемлекеттік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, 1981 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Экономика институты Қарағанды бөлімшесінің (1986) меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғылыми еңбектері негізінен ғылым-техника прогрестің әлеуметтік-экономика тиімділігін арттыруға арналған. Әлімбаев 72 ғылыми еңбектің, 8 монографияның авторы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала