Әбу Мадиан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Tlemcen, Sidi Boumediène.jpg
Visiting the tomb of Sidi Boumediène in El Eubbad on day of Mawlid.
Сурет:Portail de la Mosqée de Sidi Bou Médine.jpg
Сиди Боу Медине мешітіне кіру, c. 1900
Сурет:Porte mosquee Sidi Boumediene Tlemcen.jpg
Сиди Боу Медине мешітіне кіру есігі, 2007

Әбу Мадиан Бу Медиен, Әбу Мадиан Шуъайб ибн әл-Хусайн әл-Әнсари (1126, Севилья қаласы — 1197, Тлеемен қаласы Үббад) — Солтүстік Африка жерінен шыққан белгілі сопы. Ол андалузиялық араб отбасында дүниеге келген. Фес қаласында мағрибтық ұлы ғұлама-шайхтар ад-Даккака (12 ғ. ортасында дүниеден өтті), Әли ибн Хирзихима (1195 ж.ө.), Әбу Иаъазза әл-Хазмири (1177 ж.ө.) қолында оқып, сопылық жолға түскен. Сопылық дәстүр тәлімін ад-Даккакадан алғанымен, оған Әбу Иаъаззаның әсері үлкен болды. Құқықтық мәселелер бойынша Әбу Мадиан мәлікшілдер ағымын қолдады. Қажылықтан оралған соң Бужиге орналасып, осы жерде өзінің діндарлығы мен тақуалығын елге танытты.

Әбу Мадианның өмірі мен қызметі батыстағы мұсылмандық жүйеге сопылық дәстүрдің кең таралу тұсына тура келді. Жергілікті бербер тайпалары сопыларды қастерлеп, әулиеге айналдырды. Әбу Мадианның шешендігі, нақыл сөздері, мақал-мәтелдері көпшілікке ұнады. Ол өз жанынан өлең-жырлар да жазған. Оның халық арасында ауызекі түрде сақталған мұрасын 19 ғ-да француз шығыстанушылары жазып алған. Андалузия мен Марокконың ортағасырлық авторлары Әбу Мадианды шынайы сопы етіп көрсетеді. Белгілі сопылар ибн Машиш, ибн Араби, аш-Шаштари, аш-Шазили т.б. өздерін Әбу Мадианның шәкірттері санайды. Әбу Мадиан жерленген Уббадта үлкен мазар ескерткіш салынған.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Islam-stub