Әбу Ибраһим Исхақ Әл-Фараби

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбу Ибраһим Исхақ Әл-Фараби(туған жылы белгісіз — 951 ж.ш.) — қазақ даласынан шыққан ғұламалардың бірі, әдебиетші, тіл маманы, ұстаз. Әбу Наср әл-Фарабидің замандасы. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының жеріндегі көне Фараби (Отырар) қаласында туған. Жас кезінде сонда оқып, кейін білім іздеп араб елдеріне аттанған. Біраз уақыт ерте кезден оқу, білім, ғылым орталығы болумен аты шыққан Иемендегі Забид қаласында тұрған<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>. Көп жылдар Шығыс елдерінде өмір кешіп, өзінің ғылыми еңбектерін жазған. Кейінен Отанына оралып, ұстаздық етіп, туған шаһарында дүниеден қайтқан.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Әбу Ибраһим Исхақ Әл-Фараби есімі араб әлеміне ертеден белгілі. Оның құнды зерттеулері, қолжазбалары Веймар, Париж, Лондон, Фес, Каир т.б. ірі қалалардағы кітапханаларда сақтаулы. Ішіндегі ең ірісі, әрі қазірде белгілісі — “Диуан әл-адаб” (“Әдеби жинақ”). Ғалым бұл еңбегінде әдебиет пен тіл мәселелерін жан-жақты зерттеп, жүйелеген. Бұл еңбекті белгілі араб ғалымдары Ахмад Мұхтар Умар мен Ибраһим Анис Каирде 4 том етіп (1-т., 481 б., 1974; 2-т. 501 б., 1975; 3-т. 470 б., 1986; 4-т. 259 б. 1978;) бастырып шығарған. Ғылыми еңбектерін алғаш тауып, зерттеген неміс шығыстанушысы К. Брокельман (1868 — 1959).<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбу Ибраһим Исхақ Әл-Фараби|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}