Әбзәли Егізбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әбзәли Егізбаев (1907, Қармақшы ауданы Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылы - 29 тамыз 1945, Маньчжурия) – жауынгер ақын.
Өмірбаяны
- Қызылорда педагогикалық училищесін бітірген (1934).
- Жалағаш ауданында, кейін Қызылтам мектебінде мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған (1933 – 1934).
- 1938 ж. жалған саяси айыппен жазаланып, Магадан облысы Колыма өзені бойында орналасқан «Одинокий», «Партизанский» алтын кен орындарында жұмыс істеді.
- 1941 жылы елге оралған.
- 1941 – 1942 ж. Жалағаш ауданы Жаңаталап мектебінің директоры болды.
- 1942 жылы әскерге алынып, алғаш Батыс майданда, кейін Шығыс майданда соғысқан. Елге қайтар жолда жапондар ұйымдастырған пойыз апатынан қайтыс болып, Маньчжурияда жерленген.
Шығармашылығы
- Алғашқы өлеңдері майдандық газеттерде («Суворовшы», «Жауға қарсы аттан», т.б.) жарияланған.
- «Жорық жолында»
- «Дат»
- «Мақсұт»
- «Төрт дәруіш», т.б. поэмалары бар (1943 – 1945).
Ақын шығармалары кейін жиналып:
- «Жауынгер жүрегі» (1969)
- «Жыр-аманат» (1978)
- «Елімнің сырын еттім жыр» (1996)
- "Киелі Қармақшым" (2003) атты кітаптары жарық көрген.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті