Әбжапар Жылқышиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбжапар Жылқышиев (14.11.1918, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов атындағы ауданы Сұлутөр ауылы – 27.3.1995, Шымкент) – еңбек ардагері, жазушы. Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1955), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1961) бітірген. 1937 – 42 жылдары мектепте мұғалім, 1942 – 47 жылдары Қызыл Армия қатарында, 1947 – 76 жылдары Луговой ауданы партия комитетініңңұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, облысы атқару комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, Келес ауданы атқару комитетінің1-хатшысы, Сарыағаш ауданы атқару комитетініңтөрағасы, Қызылқұм аумақтық өндірістік басқармасы партия комитетініңхатшысы, Алғабас ауданы атқару комитетініңтөрағасы, облысы атқару комитетініңбөлім меңгерушісі, 1976 – 84 жылы облыс парткомиссия төрағасы. Оның алғашқы әңгімелер жинағы «Ақ толқын» деген атпен жарық көрді. Бұдан кейін «Мешін жылы» (1977), «Өмір жыры» (1979), «Балжан тағдыры» (1984) атты әңгімелер жинағы мен повестері жарияланды. 1, 2-дәрежелі Отан соғысы, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, 2 мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Шымкент қаласының құрметті азаматы, Шымкент қаласындағы бір көшеге, туған ауылына есімі берілген.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысы : энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2005. – ISBN 9965-9746-1-6</ref> Жамбыл облысы Луговой ауданы партия комитеттінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Келес ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы, Ильичев ауданы партия комитеттінің екінші хатшысы, Георгиевка ауданы партия комитеттінің бірінші хатшысы, Қызылқұм аумағында-ондірістік басқармасының партком секретары, Алғабас ауданы атқару комитеттінің торағасы, Шымкент облысы атқару комитеттінің баға жоніндегі бөлім меңгерушісі, 1976 жылдан Шымкент облысы партия комитеттінің жанындағы партия комиссиясының терағасы қызметін атқарған. Екі Еңбек Қызыл Ту, "Қүрмет белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Шығармалар: Ақ толқын, Әңгімелер, 1974; Менің жылы, Әңгімелер, 1977; Өмір жыры,. Әңғімелер, 1979; Балжан тағдыры, Повестер, әңгімелера, 1984.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбжапар Жылқышиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}